USD
USD
USD

Кейбір жолаушылар пойызы қалыпты жүре бастайды

 «Жолаушылар тасымалы» АҚ елімізде бірқатар жолаушылар пойызының қайтадан жолға шығатындығын мәлім етті. 

Кейбір жолаушылар пойызы қалыпты жүре бастайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Компания мәліметінше, № 4/3 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы жолаушылар пойызы 2020 жылдың 25, 27, 29 тамыз және 1, 3, 5, 7, 9, 11 қыркүйекте «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол» вокзалынан жөнелтіліп, 26, 28, 30 тамыз және 2, 4, 6, 8, 10, 12 қыркүйекте Алматыға жетеді және сол күндері кері бағытта жолға шығады.

Ал «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» вокзалына 27, 29, 31 тамыз және 3, 5, 7, 9, 11, 13 қыркүйекте келеді. Сонымен қатар № 68/67 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол - Өскемен-1» бағытындағы пойыз 26, 30 тамыз және 3, 7, 11 қыркүйекте «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол» вокзалынан жолға шығып, 27, 31 тамызда және 4, 8, 12 қыркүйекте Өскеменге жетеді. Содан кейін бірден кері бағытқа жөнелтіліп, «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» вокзалына 28 тамызда және 1, 5, 9, 13 қыркүйекте келіп тоқтайды. Пойыздардың келу/жөнелтілу уақыты туралы барлық ақпаратты «105» анықтамалық телефоны арқылы алуға болады.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны