USD
USD
USD

Кейбір учаскелер мемлекет қажеттілігіне алынады

 Алматы қаласының Наурызбай ауданында орналасқан Әшімов көшесіндегі жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін тәркіленеді.

Кейбір учаскелер мемлекет қажеттілігіне алынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Әшімов көшесін кеңейту мәселесіне келетін болсақ, Бас жоспарға сәйкес, Әшімов көшесінде метро желісі салынуы керек. Метро Абай және Әшімов көшесінің бойымен Райымбек даңғылына дейін барады. Осы жобаны іске асыру шеңберінде белгілі бір учаскелер мемлекет мұқтажы үшін тәркіленеді. Заңға сәйкес меншік иелеріне бір жыл бұрын тиісті хабарламалар жіберіледі. Содан кейін, жер учаскелерін мемлекет қажеттілігіне алу тәртібі жүзеге асырылады», - деді Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев брифингте. Байзақ батыр көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ол көшедегі жер учаскелерін тәркілеу қарастырылмаған.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция

Қашағанның активтеріне салынған шектеудің бір бөлігі алынды

Қашаған

Қазақстандықтардың ағылшын тілін білу деңгейі «өте төмен» деп бағаланды

Студент қыз

Павлодарда Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы 25 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Пара алу