Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Кейбір өңірлерде 38 градусқа дейін ыстық болады

2 тамыз күні Қазақстанның алты облысында аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кейбір өңірлерде 38 градусқа дейін ыстық болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облысында 31-36 грдаус аптап ыстық болады. Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жел соғады.

Күндіз басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық, төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстік иен екпіні 15-18 м/с жел соғады. 34-36 градус аптап ыстық болады. Дауылдың ықтималдығы – 90-95%. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірепғ бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

Оралда найзағай ойнайды, түнде оңтүстік-батыстан екпіні 18 м/с жел соғады. Дауылдың ықтималдығы – 85-90%. Қостанай облысында 35-37 градус аптап ыстық күтіледі. Күндіз кей жерлерде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Қостанайда 36 градус аптап ыстық болуы мүмкін. Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.

Қызылорда облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. Дауылдың ықтималдығы – 90-100%. Солтүстік Қазақстан облысында 35-36 градус аптап ыстық болады. Дауылдың ықтималдығы – 90-95%. 

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды: 75 мыңнан астам талапкер тегін білім алады

мемлекеттік білім гранты

Ұлттық валютаны инфляция қарқынының баяулауы қолдап отыр – сарапшылар

теңге бағамы

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс сотқа жолданды

Ұлдана Мырзуан

Абай облысы аумағындағы орманды өрттен қорғауға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Семей орманы