Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Кей өңірлерде үсік болады

Қазгидромет 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Кей өңірлерде үсік болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің батысында циклон әсер етіп жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғып, солтүстік пен оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жауы ықтимал. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с жетеді. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының басым бөлігінде жел 15-23 м/с жылдамдықпен соғады.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл болады. Түнде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример