USD
USD
USD

Кей өңірде жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін

Еліміздің кей жерлерінде жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. 

Кей өңірде жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазгидромет ел аумағында 17 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Жоғары қысымды өрістің әсерінен республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстанның батысы, солтүстік өңірлері циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болғандықтан, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауып, еліміздің батысында бұршақ болуы ықтимал. Республика бойынша еліміздің басым бөлігінде желдің күшеюі сақталады.

«Күндіз Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Атырау облыстарында қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі бар», - деп жазды синоптиктер

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG