USD
USD
USD

Кей өңірде күн жаңбырлы болады

Қазгидромет бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Кей өңірде күн жаңбырлы болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еліміздің солтүстік өңірлерінің ауа райына әлі де циклон әсер етеді. Осыған байланысты атмосфералық фронттар ықпалымен жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.

Түнде еліміздің солтүстік-батысында жаңбыр немесе қар жаууы мүмкін.

Еліміздің шығыс жартысы әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кезекті антициклонның жылжуымен батыс өңірлерде де жауын жоқ, күн ашық.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғып, түнде солтүстікте, батыста тұман түседі.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити