USD
USD
USD

«KEGOC»-ке айыппұл салына ма?

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті KEGOC қазақстандық компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, заңбұзушылықтарды анықтап, сотқа жіберді, – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«KEGOC»-ке айыппұл салына ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде, KEGOC АҚ-қа қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі бөлігінде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды», – делінген хабарламада.

KEGOC-ке қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-ның 164-бабы төртінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаны, ол субъектінің өтініші бойынша соттың қарауына берілгені айтылды.

Бұл ретте, әкімшілік іс ТМРК пайдасына қаралған жағдайда, KEGOC-ке 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz арқылы енді жүктілікке және босануға байланысты төлемдерді рәсімдеуге болады

Kaspi.kz

Үкімет Қазақстан экономикасының 2027–2029 жылдарға болжамын таныстырды

Үкімет

Электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салатын ереже күшіне енді

ереже

Шымкентте газ құбырында өрт шықты

Газ құбыры