Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

«KEGOC» АҚ баспасөз қызметі компания желілері бойынша электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілгенін хабарлады.

жарық
Фото: kegoc.kz

Астана, NEGE. Ал өңірлік энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жекелеген тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізуде. Компания өкілдері жақын уақытта электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілетінін атап өтті.

Сондай-ақ KEGOC өкілдері жекелеген пабликтерде Өзбекстандағы электрмен жабдықтаудағы іркілістер Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат салдарынан болды деген ақпарат тарап жатқанын алға тартып, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өкілдері сағат 14:38-де "KEGOC" АҚ-ға тиесілі 500 кВ Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің апаттық ажыратылуы салдарынан компания желілерінде апатқа қарсы автоматика іске қосылғанын хабарлады.

Қазақстанмен қатар, Өзбекстанның бірқатар облысының тұрғындары электр жарығынсыз қалды. Елдің энергетика министрлгі бұл жайтты «көршілес елдің энергетикалық жүйесінде болған апат Орталық Азияның энергетикалық жүйесіне әсер етті» деп түсіндірген болатын.

Ал Қазақстанның энергетика министрлігінің  түсіндіруінше, Орталық Азияның энергетикалық жүйесі тарапынан электр энергиясы ауысымының күрт өзгеруінен энергетикалық жүйеде қуат күрт артқан. Нәтижесінде апатқа қарсы автоматика іске қосылып, кейбір өңірлеріндегі тұтынушылар электр қуатынан ажыратылған.

Қазір оқып жатыр

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық

Жетісудан Батыс Қазақстанға дейін: 13 тамызда партиялар өңірлерде қандай жұмыстар атқарды

Құрылтай сайлауы

Энергетика министрлігі кей өңірде жарықтың сөнуіне не себеп болғанын түсіндірді

Электр жарығы

Алматы қаласы мен облыс тұрғындары жарықсыз қалды

Алматы