USD
USD
USD

Кеген ауданының бөлім бастығы 1 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысын жемқорлық фактісі бойынша ұстады.

Кеген ауданының бөлім бастығы 1 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол 2022 жылғы 18 ақпанда Кеген ауданының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне, сондай-ақ объектілерді пайдалануға беру актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйымның директорынан 1 000 000 теңге сомасында пара алған, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың 20 ақпанында Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

«Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқаратын болды

Экология және табиғи ресурстар министрі

Мұрат Мұханов төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы болып тағайындалды

ТЖМ

Премьер-министрдің орынбасарлары мен министрлердің көбі өз орнында қалды

үкімет

Сәтпаев Англияда алғаш рет матчтың үздік ойыншысы атанды

Дастан Сәтпаев