USD
USD
USD

Кеген Тұрсынбаев ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеген Тұрсынбаев, Төтенше жағдай
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы екі мәрте Қызыл Тулы Рязань жоғары әуе десанттық командалық училищесін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Әр жылдары ҚР Республикалық ұланы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарында қызмет еткен.

2020-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2021-2022 жылдары — ҚР Президенті Іс басқармасының бөлім бастығы.

2022-2024 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2024 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «WornerBros» қаржы пирамидасы бөлімшесінің бастығы сотталды

Сталкинг

Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарында шекарада бақылау күшейтілді

Шекарадағы бақылау

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ