Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Кеден мәліметтері неге кереғар?

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан мен Қытайдың кедендік мәліметтерінің айырмашылығына қатысты пікір білдірді.

Кеден мәліметтері неге кереғар?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл – біз үшін маңызды мәселе. Кеден бекеттеріндегі бүкіл ақпарат жолданатын ситуациялық орталықты да құрып қойдық. Оған тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіріп, декларацияланатын тауарлардың бағасын бақылау мақсатында 6 мың бағалық индикаторларды енгіздік», - деді Ерұлан Жамаубаев халық алдында есеп беруден кейін ОКҚ-да ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында. Қаржы министрі айырмашылық анықталған жағдайда кәсіпкерлер қосымша кедендік бажды төлейтінін мәлімдеді. «Сонымен қатар, Қытай тарапымен экспорттық-импорттық операциялар бойынша ақпараттарды алмасу форматы туралы келісімге келдік. Әзірге бұл мәліметтердің растығын әлі де анықтау керек. Алайда өзара алмасқан ақпараттардың сапасын жақсарту үшін жұмыс аясын кеңейтеміз. Сонымен бірге, Қырғыз Республикасымен және Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттерін барынша жаңғыртамыз. Толыққанды цифрландыру шынайы ақпаратты алу үшін айтарлықтай көмек болары сөзсіз», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді