Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Кеденде жемқорлық азая ма?

Заң сыбайлас жемқорлық қылмысын барынша азайтып, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін айтарлықтай қысқартады.

Кеденде жемқорлық азая ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жүйені ақпараттандыру кәсіпкерлердің өтініштерін қарау мен шешім қабылдауда уақытты қысқартады. Заң кедендік ақпараттық база мен "Бір терезе" жүйесінің жұмысын жақсартуға, сондай-ақ адамдардың қатысуын барынша азайту арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Жүйені ақпараттандыру сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштерін қарау және шешім қабылдауда да уақытты қысқартады. Сонымен қатар, ішкі және сыртқы кедендік тексеруді жүргізу тәртібі қайта қаралады.

Камералдық кедендік тексеру 6 айдан 2 айға дейін қысқарады, ал жергілікті кедендік тексерулерге шектеулер қойылады.

Заң сыбайлас жемқорлық қылмысын барынша азайтып, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін айтарлықтай қысқартады.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы