Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары ұсталды

20 қазанда Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимов ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл ақпаратты Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сүйенген Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады. Оның кеден органдарындағы жемқорлық фактілеріне байланысты қозғалған іс бойынша ұсталғаны айтылады.

17 қазанда Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті кеден органдарындағы жемқорлық фактілеріне байланысты сот өндірісі ашылғанын хабарлаған. Комитет өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік кеден қызметі жүйесінде 2016 жылдан бері Райымбек Матраимов пен кеден қызметінің өзге де лауазымды тұлғалары "ұйымдастырған жемқорлық схемасының" кесірінен мемлекетке ірі көлемде шығын келген.

Райымбек Матраимов есімі Азаттықтың Қырғыз қызметі, "Клооп" және Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықты зерттеу орталығы (OCCRP) жүргізген журналистік зерттеулер топтамасында айтылған.

Журналистік зерттеулер топтамасы жарық көргеннен кейін Райымбек Матраимов, оның бауыры, парламент депутаты Искандер Матраимов, әйелдері сонымен бірге "Исмаил Ата" қайырымдылық қоры Азаттықты, журналист Әли Токтакунов пен "Клооп" сайтын сотқа берген. Искендер Матраимов осы іске байланысты берген сұхбатында ақпарат құралдары "өзінің беделін түсіру үшін материалдарды жариялады" деп айтқан.

 

Қазір оқып жатыр

Жаңа заман спорт менеджері

Оспан Әжібеков

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

Алматы

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда қалай заңды жұмысқа орналаса алады?

Сеул

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев