USD
USD
USD

Кедейліктің ең жоғары деңгейінде тұрған өңірлер анықталды

Өткен жылы кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан және Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Кедейліктің ең жоғары деңгейінде тұрған өңірлер анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, үй шаруашылықтарын зерттеу деректері табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халықтың үлесі 5,2 %-ды құрағанын көрсеткен. «Былтыр өңірлер бөлінісіндегі кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан, Маңғыстау облыстарында, ал ең аз үлесі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді», - деп жазды ведомство.

Хабарламада қала мен ауыл тұрғындары табысының едәуір саралануы сақталғаны да айтылған. Мәселен, қалалық жердегі табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі 3,8% болса, ауылдық жерде - 7,2%. 2021 жылы кедейліктің ауылдық және қалалық деңгейлері арасындағы ең үлкен айырмашылық Атырау (9,1 есе) мен Маңғыстау (4,3 есе) облыстарында байқалды.

«Қазақстанда өткен жылы жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы орта есеппен айына 37 266 теңгені құрады. Бұл ретте әрбір өңірдің өзінің ең төменгі күнкөріс деңгейі есептеледі», - деп толықтырды Ұлттық статистика бюросы.

 

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры