USD
USD
USD

ҚБТУ өз-өзіне қол жұмсаған студентке қатысты пікір білдірді

Қазақстан-Британ техникалық университетінің 1 курс студенті өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Қайғылы оқиға туралы оқу орны әлеуметтік желіде хабарлады.

ҚБТУ өз-өзіне қол жұмсаған студентке қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Біз студентіміз Сергей Лидің қайғылы қазасы туралы өкінішті хабар алдық. Студенттің отбасы мен туған-туыстарының, достарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сергей өте жарқын және ақкөңіл адам болды", - делінген ресми хабарламада.

Университет өз тарапынан марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайын анықтап жатыр", - дейді университет қызметкерлері.

Ал әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған студент ақпараттық технологиялар факультетінің бірінші курсында оқыған. Оны екі пән бойынша сынақ тапсыра алмады. Студент өз-өзіне қол салғаны хабарланды.

Алматы қалалық полиция департаменті де қайғылы оқиғаны растады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша тергеу шаралары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев