USD
USD
USD

Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты үкім заңды күшіне енді

Бүгін Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады.

Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Бұған дейін алқабилер алқасының үкімімен:

Бишімбаев ҚК-нің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 5) тармағымен кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған;

Байжанов ҚК-нің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Үкіммен келіспеген сотталушылар мен олардың адвокаттары апелляциялық тәртіппен шағым түсірді.

Олар өз шағымдарында Байжановты әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды, Бишімбаевтың әрекетін ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 5) тармағынан ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігіне қайта дәрежелеуді, жазаны төмендету, сондай-ақ үкімнің күшін жою және істі жаңадан қарауға жіберуді сұраған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 68-тарауына сәйкес, апелляциялық тәртіпте алқабилер алқасының қатысуымен шығарылған үкім тек процестік бұзушылықтар бойынша қайта қаралуы мүмкін.

Апелляциялық сатыда іс бойынша мұндай негіздер анықталған жоқ.

Алқа алқабилер алқасын, сұрақтар тізімін құру кезінде, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша үкімнің күшін жоюға немесе өзгертуге әкеп соққан қылмыстық-процестік заңнамасын елеулі бұзушылықтар анықтаған жоқ.

Апелляциялық сатының 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

журналистика