USD
USD
USD

ҚазҰУ студентінің қазасы: министр не себепті пікір білдіруге тыйым салынғанын түсіндірді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқитын бірінші курс студентінің қазасына қатысты ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пікір білдірді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Фото: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Астана, NEGE. Министрдің айтуынша, университет Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабын басшылыққа алып отыр. Бұл бап сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге шектеу қояды.

«Қазір бұл тергеу төңірегінде қызу талқылау жүріп жатыр. Біз тіпті ресми түрде ешқандай түсініктеме берген жоқпыз. Өйткені Алматы қаласының Полиция департаменті де бізге бұл мәселеге қатысты кез келген пікір мен түсініктеме беруде, әсіресе процессуалдық әрекеттер жүріп жатқан кезде, абай болуды қатаң ескертті», – деді Саясат Нұрбек.

Бұған қоса министр университет әкімшілігі марқұмның жақындарымен бірден байланысқа шығып, қажетті көмекті көрсеткенін атап өтті. Оның айтуынша, барлық шығынды оқу орны өз мойнына алған.

«Біз бірден қыздың қамқоршыларымен байланысқа шықтық. Барлық шығынды университет өз мойнына алды. Барлық төлемді де өтедік. Қандай көмек қажет болса да, студенттің әкесімен және қамқоршыларымен тікелей байланыстамыз. Біздің тарапымыздан жасалуы тиіс барлық әрекетті орындадық», – деді Саясат Нұрбек Құрылтай отырысындағы брифингте.

Еске салайық, 6 қараша күні кешке ҚазҰУ студенттер қалашығында журналистика факультетінің бірінші курс студенті көз жұмған. БАҚ мәліметінше, бойжеткен Алматыға Шымкенттен келген. Алматы қаласының полициясы қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Құрылысшының қазасы: Алматы әуежайы үн қатты

Алматы әуежайы

Кәсіпкердің өліміне қатысты даулы іс: судья туралы мақалаға адвокат қарсы шықты

Қылмыстық іс

Алматы әуежайында адам қаза тапты

Алматы әуежайы

47 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған: Ғылым саласына жүргізілген аудит қандай кемшіліктерді анықтады?

Әлихан Смайылов