USD
USD
USD

ҚазҰУ аумағында 17 жастағы жігіт қайтыс болды

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында жас жігіт қайтыс болды.

kaznu.kz
Фото: kaznu.kz

Алматы, NEGE. ҚазҰУ аумағындағы орталық субұрқақтың жанынан жас жігіттің денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 2007 жылы туған талапкер.

Қазіргі уақытта жас жігіттің кім екені және оның қандай жағдайда қайтыс болғаны анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жас жігіттің өліміне жүрек тоқтауы себеп болуы мүмкін. Оқиға орнында тәртіп сақшылары, дәрігерлер мен сот-медициналық сарапшылар жұмыс істеуде.

«Аталмыш факті бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп жауап берді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайтыс болған жігіттің университет студенті емес екені хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов