USD
USD
USD

«ҚазТрансГаз» «Самұрық-Қазына» АҚ  портфельдік компаниясына айналды

«ҚазТрансГаз» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ дербес портфельдік компаниясына айналды. Бүгін Үкіметтің қаулысы қабылданып, «Самұрық-Қазына» мен «ҚазМұнайГаз» арасында «ҚазТрансГазды» «Самұрық-Қазына» қорының сенімді басқаруына беру туралы келісімге қол қойылды.

«ҚазТрансГаз» «Самұрық-Қазына» АҚ  портфельдік компаниясына айналды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Осылайша, «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы газды тасымалдап қана қоймай, сонымен бірге газ және газбен жабдықтау саласындағы толыққанды ұлттық оператор болмақ», – деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында «Самұрық-Қазына» қорының Басқарушылар кеңесінің отырысында Кеңес Төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазТрансГазды» «ҚазМұнайГаздан» «Самұрық-Қазына» қорына тікелей бағындыру міндетін қойған болатын.

Биылғы жылдың қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев газды барлау, өндіру және тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор құруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған