USD
USD
USD

«Қазтелерадио» басқарма төрағасы тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Мирболат Аюпов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады министрлік.

«Қазтелерадио» басқарма төрағасы тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мирболат Хайратұлы Аюпов 1963 жылы 26 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Мәскеу инженерлік-физика институтының кибернетика факультетін бітірген. 1986 жылдары Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми және оқытушылық қызметтер атқарды.

1998 жылдары «Алтел» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ компанияларында басшылық лауазымда болды. Әр жылдары «Транстелеком» АҚ, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-ін басқарды.

Байланыс және телекоммуникация, сондай-ақ, телевизия технологиялары саласында 20 жылдан астам басшылық қызметтерді атқарып келді.

«Құрмет» орденінің, Қазақстан Республикасындағы басқа да бірқатар медальдар иегері, «Құрметті байланысшы» деген атағы бар.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті