USD
USD
USD

KazTAG басшылары Әсет Матаев пен Әмір Қасеновке үкім шықты

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты KazTAG ақпарат агенттігінің басшылары Әсет Матаев пен Әмір Қасеновке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

.
Фото: NEGE

Астана, NEGE. Сот Әсет Матаевты басқарушылық міндеттеріне немқұрайды қарау және адамдар тобы болып бұзақылық жасау баптары бойынша кінәлі деп таныды. Оған түпкілікті 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, 3 жыл журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Әмір Қасенов бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар арқылы көрінеу жалған ақпарат таратып, ірі залал келтірді деген айып бойынша кінәлі деп танылды. Сот бастапқыда оған 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Рақымшылықты ескере отырып, түпкілікті жаза 1 жыл 3 айға дейін қысқартылды. Сонымен қатар ол 5 жыл журналистік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сот мәліметінше, іс Freedom Finance компаниясы мен оның басшылығына қатысты жарияланған материалдарға байланысты қозғалған. Айыптау тарапы жарияланымдарда компанияның алаяқтық схемаларға, қаржы пирамидасын құруға және қаражатты офшорлық аймақтарға шығаруға қатысы бар деген шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер таратылғанын мәлімдеді.

Сот бұл ақпарат компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіріп, клиенттер мен инвесторлардың сенімінің төмендеуіне әкелді деп тапты.

Сотталушылар тағылған айыптарды мойындаған жоқ. Қорғау тарапы ақтау үкімін шығаруды сұрады.

Қосымша жаза аясында сотталғандарға журналист немесе блогер ретінде жұмыс істеуге, қоғамдық-саяси тақырыптарда материал жариялауға, сұхбат беруге және бірқатар жария іс-шараға қатысуға тыйым салынды.

«За нами уже выехали» Telegram-арнасының хабарлауынша, Әсет Матаев пен Әмір Қасенов сот үкіміне шағымданбақ.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу