USD
USD
USD

«Қазспецэкспорт» басшысы қамауға алынды

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Рамазановқа қатысты екі ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. 

«Қазспецэкспорт» басшысы қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге дерек жария етілмейді.

Сот хабарлағандай, Қаржы мониторингі агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Қазспецэкспорт» РМК лауазымды адамдары мен олардың қарамағындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстаған.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, олар мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде бағаны көтеру жолымен әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде шамамен 1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова