USD
USD
USD

«Қазселденқорғау» үш облыста сел жүруі мүмкін екенін ескертті

3-5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көшкін және сел жүруі ықтимал.

сел
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/112_qazseldenqorgau

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мекемесі ескертті.

«Жоғары ауа температурасы мен нөсер жаңбыр болжамына байланысты өзендерде су деңгейінің көтерілуі және қарқынды беткей ағындары, су тасқынының қалыптасуы, ойпаң жерлерді су басу қаупі күтіледі. Сондай-ақ сырғыма және сел құбылыстары болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Құтқарушылар үш облыстың тұрғындары мен қонақтарынан сақтық шараларын сақтауды, әзірге таулы аймақтарға барудан бас тартуды сұрайды.

Еске салсақ, 2 шілдеде Алматы облысы Қарасай ауданындағы Ақсай өзенінің жағалауын су шайып, аумақтағы карьердің солтүстік-батыс бөлігінде топырақтың көшуіне байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы 9 жеке тұрғын үйдің тұрғындары уақытша қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев