USD
USD
USD

KazSat жерсерігіне неше миллиард жұмсалады?

Жаңа KazSat жерсерігіне шамамен 40 миллиард теңге жұмсалады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты. 

KazSat жерсерігіне неше миллиард жұмсалады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз бүгінде жерсерігінің бейнесіне сәйкес келетін техникалық-экономикалық негіздеумен айналысып жатырмыз, содан кейін қажетті конкурстық шаралары басталады. ТЭН бойынша  шамамен 40 миллиард теңге. Бұл жер серігінің қалыпты, тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті жер үсті жүйелерімен байланысты кететін шығындар», –  деді Асқар Жұмағалиев.

Министр құжаттармен барлық жұмыс аяқталғанын, алдағы уақытта арнайы конкурс жарияланатынын, одан кейін бас мердігер анықталатынын жеткізді. 2018 жылы 4 желтоқсанда Калифорниядағы ғарыш айлағынан Falcon 9 зымыран-тасығышында екі қазақстандық – микроспутник KazSTSat және наноспутник KazSciSat-1 құрылғылары ұшырылып, іске қосылған еді. 

Қазір оқып жатыр

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ баллдық жүйе енгізбек

Alphard

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы