USD
USD
USD

«Қазіргі жағдай Шерзаттан басталды» – Хасан Қасымбаевтың жұбайы пікір білдірді

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр.

Зүлфия Қасымбаева
Фото: NEGE

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, Хасан Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша іс қозғалған.

Іс бойынша Х.Қасымбаевтан басқа тағы 5 адам айыпталып жатыр. Олар: Руслан Алиев, Мадияр Қалимжанов, Сайлау Ақжанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров.

Хасан Қасымбаевтың жұбайы Зүлфия Қасымбаева тілшімізге берген сұхбатында күйеуіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

«Менің күйеуімнің есімі аталуы және қазіргі жағдай Шерзаттан басталды ғой. Өзім де анамын, бала тәрбиелеп отырмын. Сондықтан Шерзаттың отбасына қайғыра көңіл айтамын. Бірақ бүкіл Қазақстан оның (Хасан Қасымбаев – ред.) бұл іске қатысы жоқ екеніне куә болды. Қазір сот болып жатыр, барлығы анықталады», – деді ол NEGE тілшісіне.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық