USD
USD
USD

Қазіргі депуттардан Құрылтайға кімдер өтуі мүмкін?

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев талдау аясында қазіргі Мәжіліс депутаттарының ішінде Құрылтайға өтуі мүмкін бірнеше адамның тізімін ұсынды.

Мәжіліс
Фото: Мәжіліс

Астана, NEGE. Оның мәлімдеуінше, тізім болашақ Парламент үшін маңызды саналатын бірнеше санат бойынша жиынтық ұпай нәтижесінде түзілген.

«Әңгіме тек Мәжіліс депутаттары турасында болып отыр. Сенатта да лайықты тұлғалар бар, бірақ бұл – бөлек тақырып. Қысқа тізімде қандай да бір депутаттың болмауы оның қайта сайлану мүмкіндігі төмен дегенді білдірмейді. Бұл тек тізімнің ықшам болуына байланысты.

Дегенмен қысқа тізімде партиялық әртүрлілік пен жас ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Парламенттегі саяси салмағы өте ауыр тұлғалар бұл талдауға кірмейді, өйткені олардың қатысуы басқа логикамен айқындалады», – деп ескертеді Ғазиз Әбішев.

Саясаттанушы ұсынған Құрылтайға өту ықтималы жоғары қазіргі Мәжіліс депутаттарының қысқаша тізімі мынадай:

  1. Amanat партиясынан Асхат Аймағамбетов. Оның заң шығару қызметіндегі белсенділігі, әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамауы, парасатты ұстанымы ескерілген. Ол қазір Әлеуметтік комитетке төрағалық етеді.
  2. «Ауыл» партиясынан Серік Егізбаев. Аграрлық комитеттің төрағасы. Оның партия көшбасшысы және мемлекеттік басқару саласындағы тәжірибесі мол екені ұпайын арттырып отыр.
  3. Amanat партиясынан Айгүл Құспан. Халықаралық істер комитетінің төрайымы. Жоғары деңгейдегі дипломатиялық тәжірибесі мен Парламенттегі «жұмсақ күштің» өкілі екені тізімге ілігуіне себеп болған.
  4. Amanat партиясынан Айдос Сарым. Тізімді жасақтағанда оның прагматизм идеологиясын ұстанатыны және сыртқы саясаттағы байыпты әрі салқынқанды көзқарасы есепке алынған.
  5. Respublica партиясынан Олжас Құспеков. Заң шығару жұмысындағы тұрақты белсенділігі және мәселенің егжей-тегжейіне терең үңілуі артықшылығы ретінде көрсетілген.
  6. Қазақстан халық партиясынан Сұңқар Ислам. Оның Парламенттегі жас буын өкілдерінің бірі екені және байыптылығы, рационалист екені ескерілген.
  7. Amanat партиясынан Екатерина Смышляева. Ол, саясаттанушының пікірінше, жоғары жұмыс қабілетімен және заң жобаларымен байланысты күрделі күнделікті жұмысқа төзімділігімен ерекшеленеді.

Бұл ретте Ғазиз Әбішев соңғы шешімді қабылдайтын жоғары партиялық және мемлекеттік лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ сайлаушылардың өз өлшемдері мен сүзгілері бар екенін, сондықтан олардың тізімі өзгеше болуы мүмкін екенін атап өтеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сотталған адам тәртіп бұзбаса, жазасы қысқаруы мүмкін

Түрме

Қожамжаров, Кексель және Татубаевқа қатысты тергеу жалғасып жатыр

.

Жетісуда 35 елді мекенде 35 Ту бір мезгілде көтерілді

Ту

Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады – Тоқаев

Тоқаев