Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазір еліміздің 158 азаматы Африка және Таяу Шығыс аймағында бітімгерлік қызметте жүр

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық бітімгерлік құрам сапында табысты қызмет атқарып, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосқан офицерлермен және сарбаздармен кездесті. 

Қазақстандық бітімгерлер
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Қазақстан болашақта Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында өтіп жатқан басқа да миссияларға қатысуды жоспарлап отыр. Осылайша, Қазақстан жер жүзіндегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға белсенді түрде атсалыса бермек.

– Қарулы күштер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің басты тіректерінің бірі. Ең алдымен, сарбаздары мен офицерлерінің рухы асқақ, кәсіби деңгейі жоғары, жауынгерлік машығы мінсіз, тәртіп пен тазалықты мүлтіксіз сақтайтын әскер қуатты болады. Армия – қайсарлыққа баулитын, жігерді жанитын нағыз мектеп. Сіздер азаматтық борыш пен әскери антқа адалдық танытып, шынайы патриотизмнің үлгісін көрсеттіңіздер. Мінсіз қызметтеріңіз өскелең ұрпаққа өнеге. Мемлекет басшысы ретінде мен қауіпсіздік және құқық қорғау саласына әрдайым айрықша көңіл бөлемін. Жақында Ақордада арнаулы жасақтар арасындағы беделді халықаралық жарыстан жүлдемен оралған күштік құрылым қызметкерлерін марапаттадық. Жалпы, әскери бөлімдер мен күштік құрылымдардың беделі мен даярлық деңгейі едәуір өсті. Құқық қорғау және арнаулы органдар қылмыспен күресте, терроризм мен есірткі бизнесінің жолына тосқауыл қоюда тиімділігін көрсетіп келеді. Алайда босаңсуға мүлде болмайды. Алдымызда мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайту міндеті тұр, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстандық бітімгерлер
Ақорда

Президент Қазақстан өмір сүруге қолайлы және қауіпсіз ел болуға тиіс деп санайды. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті шара қабылданып жатыр.

– «Заң мен тәртіп», отаншылдық пен жауапкершілік – әскери қызметшілерге ғана емес, еліміздің барлық азаматтарына ортақ аса маңызды құндылықтар. Осы жасампаз қасиеттер қоғамда жан-жақты дәріптелуге тиіс. Себебі біз қазір бәріміз бір ел болып Әділетті, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова