USD
USD
USD

«Қазпошта» бөлімшелері уақытша жабылады

28 және 29 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы «Қазпошта» бөлімшелері жұмыс істемейді. Бұл туралы компания басшысы Сәкен Сәрсенов мәлімдеді.

«Қазпошта» бөлімшелері уақытша жабылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі шаралардың күшеюіне байланысты біз 2020 жылдың 28-29 наурызында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы пошта бөлімшелеріне демалыс жариялау туралы шешім қабылдадық. Қалған аймақтардағы пошта бөлімшелері әдеттегі кесте бойынша жұмыс істей береді», – деп жазды Сәрсенов.

Оның айтуынша, EMS курьерлік қызметі 28 наурызда сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейді. Хат-хабарларды қабылдау орны Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 134 үй мекенжайы бойынша жұмыс істемейді.

EMS курьерлік қызметі 29 наурызда демалады.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком