USD
USD
USD

Тоқаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады

Кездесу барысында Президентке ұлттық пошта операторының даму стратегиясы таныстырылды. деп хабарлайды Ақорда. 

 Тоқаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әсел Жанасованың айтуынша, қаржылық жағдайды оңалту, әлеуметтік банкті дамыту және қаржылық қызметтердің рөлін күшейту, қолданыстағы инфрақұрылымдар базасында мемлекеттік қызметтерді ұсыну мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ электронды коммерция мен халықаралық сәлемдемелерге баса мән бере отырып, дәстүрлі пошта бизнесінің тиімділігін арттыру «Қазпошта» жұмысының басым бағыттары болады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнеске ауылдың әрбір тұрғынына қызмет көрсету және тауар жеткізу мүмкіндігін беру үшін компанияның инфрақұрылымын, логистикалық және бөлімшелік желісін дамытуға қатысты жоспары туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы аймақтардағы пошта операторы жұмысының әлеуметтік маңыздылығына назар аударып, аталған бағыттар жөніндегі стратегияны жүзеге асыру ісін жалғастыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым