Референдум Референдум
USD
USD
USD

«ҚазМұнайГаз» басшысының тоғыз орынбасары не істейді?

«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің тоғыз орынбасары барын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Компания оларсыз жұмыс істей алмайтынын алға тартты: 80 мың қызметкер, бюджет пен Ұлттық қорға 2,3 триллион теңге – мұның барлығы бақылауда болуы керек.

ҚазМұнайГаз
Фото: sk.kz

Алматы, NEGE. ҚМГ-ның мәлімдемесіне сүйенсек, осындай қыруар шаруаның мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндер – төраға орынбасарлары екен.

«Бүгінгі таңда «ҚазМұнайГаз» толық өндірістік циклді жүзеге асыратын еліміздегі жетекші мұнай-газ компаниясы. Оның қызметіне геологиялық барлау, мұнайды өндіру, өңдеу, тасымалдау, мұнай-химия, мұнай кәсібі қызметтері, мұнай және мұнай өнімдерінің маркетингі, төмен көміртекті дамыту жобалары, соның ішінде жаңартылатын энергия көздері жатады. Жұмыстың ауқымдылығына, мұнай-газ саласындағы стратегиялық маңызды жобаларды өз бетінше де, жетекші халықаралық компаниялармен бірге жүзеге асыруына, компания қызметінің әртараптандырылуына және мұнай-газ секторындағы жаңа міндеттерге байланысты ҚМГ басшылығы кешенді көзқарасты талап етеді және Басқарма Төрағасының әрбір орынбасары өндірістік салаға да, компанияның дамуы мен құнын арттыруға да жауапты: 

  1. Қазақстанның мұнай өндіруші аймақтарындағы әлеуметтік тұрақтылық пен өндірістік қатынастарды басқару;
  2. Барлау және өндіру;
  3. Ірі мұнай-газ жобалары;
  4. Газ жобалары және төмен көміртекті дамыту;
  5. Мұнай өңдеу, маркетинг;
  6. Мұнай тасымалдау;
  7. Экономика және қаржы;
  8. Стратегия, инвестиция және бизнесті дамыту, мұнай-химия;
  9. Құқықтық қамтамасыз ету, корпоративтік қауіпсіздік, халықаралық ынтымақтастық және санкция мәселелері», – делінген ресми сауалдың жауабында. 

Компания басқару құрылымы икемге келіп қалғанын, бизнес көлемінің артуына қарамастан, бұрынғы жылдармен салыстырғанда басқарушы лауазымдар саны айтарлықтай азайғанын атап өтті. Салыстырмалы түрде шетелдік компанияларды мысалға келтірді: SOCAR, Газпром және Татнефтьте осыған ұқсас тәжірибелер бар.

«Бұрын компанияның бағыты аз болған кезде, басқару аппараты көп болатын», – деп мәлімдеді ҚМГ.

Топ-менеджерлердің жалақысына келетін болсақ, ҚМГ оған қатысты ақпаратты жарияламады. Олар тек 2023 жылға дивидендтер 300 млрд теңге болғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов