USD
USD
USD

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жарияланды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаржылық мониторинг агенттігі 31.01.1976 жылы туған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады. Азамат И.Серді бір топ адаммен алдын ала келісу арқылы аса ірі мөлшерде басқаның сеніп тапсырған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді» делінген хабарламада.

Іздеудегі Ибулла Жұмағұлұлын көрген немесе ол туралы басқа да ақпарат белгілі болған жағдайда агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарласуға болады. Іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат берген кісіге ақшалай сыйақы белгіленді, анонимдікке кепілдік беріледі.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев