USD
USD
USD

«ҚазМұнайГаз» қызметкерлерінің жалақысы қысқарды

«ҚазМұнайГаз» қызметкерлерінің жалақысы 6,7 пайызға қысқарды. Бұл туралы басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев айтты.

«ҚазМұнайГаз» қызметкерлерінің жалақысы қысқарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарабаевтың айтуынша, басқарушы персоналдың жалақысы 6,7 пайызға қысқарды (таратылған баяндаманың деректері бойынша шығыстар өткен жылғы 64 миллиард теңгеден 2020 жылдың тоғыз айында 59,7 миллиард теңгеге дейін).

«Біз бонустардан, сыйлықақылардан бас тарттық және топ-менеджерлердің жалақысын қысқарттық. Сондай-ақ, орталық аппарат штаты 34 пайызға қысқарды. Оңтайландыру нәтижесінде 2020 жылдың тоғыз айында күрделі салымдар 13 пайызға - 338 миллиард теңгеден 293 миллиард теңгеге дейін төмендеді. Тоғыз айда жалпы және әкімшілік шығындар 135-тен 107 миллиард теңгеге дейін 21 пайызға төмендеді», – деді Қарабаев.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар