USD
USD
USD

«ҚазМұнайГаз» қаржылық көрсеткіштері едәуір төмендемек

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) жылдың қорытындысы бойынша қаржылық көрсеткіштері едәуір төмендейді деп болжауда, деп хабарлады компания.

 «ҚазМұнайГаз» қаржылық көрсеткіштері едәуір төмендемек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ қаржылық көрсеткіштері едәуір төмендейді деп күтіледі. Бұдан басқа, ОПЕК+ келісімі аясында Компания өндірісті азайтады, бұл мердігерлік ұйымдардың тиісті жұмыс көлемінің азаюына әкеледі», - делінген дүйсенбіде ҚМГ сайтында орналасқан хабарда.

Құжатқа сәйкес, «сондықтан еншілес және сервистік компаниялардың басшылары қалған жұмыс көлемін жыл соңына дейін тиімді үлестірулері қажет».

Нарықтық жағдайдың теріс ықпалын төмендету үшін ҚМГ дағдарысқа қарсы бағдарламаның тұжырымдамасын әзірлеген.

ҚМГ өндірістегі қызметкерлерді қысқартуды жоспарлап жатқан жоқ, делінген хабарда.

Хабарда айтылғандай, іске асырылып жатқан дағдарысқа қарсы шаралар аясында барлық компаниялар тобы бойынша шығын 146 млрд теңгеге қысқартылды. Орталық аппараттың ұйымдық құрылымы қайта қаралып, қызметкерлер саны 34%-ға оңтайландырылды. Топ-менеджерлердің жалақысы 30%-ға, орта буын басшыларының жалақысы 20%-ға қысқарды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін барлық сыйақы мен бонустар алынып тасталды. Дегенмен, қатардағы қызметкерлердің жалақысы бұрынғы деңгейде сақталды.

Қазір оқып жатыр

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем