USD
USD
USD

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккен бір адам санавиациямен Астанаға жеткізілмек

Өскемендегі «Қазмырыш» металлургиялық алаңындағы апаттан зардап шеккен жұмыскерлердің бірін бүгін санитарлық авиациямен Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізу жоспарланып отыр.

Қазмырыштағы жарылыс
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Астанадан барған мамандар облыстық мамандандырылған медициналық орталықта жатқан науқастарды қосымша тексеруден өткізген.

«1983 жылы туған, бел омыртқасы сынған науқасты дәрігерлер қарап шықты. Оны әуе арқылы тасымалдауға болады деген қорытынды берілді», – деп жазады Kazinform ведомствоға сілтеме жасап.

Ал ауыр жарақат алған екінші науқастың жағдайы әлі де өте ауыр. Оның денесінің 90 пайызын күйік шалған. Оны 9 мамыр таңертең Астанадан баратын реаниматолог пен комбустиолог мамандар қарайды деп күтіліп отыр. Оны тасымалдау жөніндегі шешімді елордадан арнайы баратын мамандар қабылдайды.

Еске салсақ, 5 мамыр күні Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, зауыт аумағында шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, оның соңы өрт пен нысанның ішінара опырылуына ұласқан.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі