USD
USD
USD

«Қазмырыш» кәсіпорнында болған төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты

Компанияның алдын ала мәліметінше, түтін сорғышты тазалау кезінде жарылыс болып, соңы өртке ұласып, құрылымдардың бір бөлігі опырылып түскен.

жарылыс
Фото: Instagram/narod_dk_kz

Астана, NEGE. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алған. Жарақат алған адамдарға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Компания қаза тапқандардың отбасына және зардап шеккендерге көмек көрсететінін мәлімдеді.

«Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп, тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Жан-жақты және объективті тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеу қорытындысы бойынша анықталады», – делінген кәсіпорын хабарламасында.

Бұған қоса жарылыс пен өрттің қоршаған ортаға әсері тексерілуде. 

Еске салсақ, бүгін, 5 мамыр күні Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, зауыт аумағында шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, оның соңы өрт пен нысанның ішінара опырылуына ұласқан.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі