Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Қазмырыш» экологиялық технологиялар мен цифрландыруға 108 млрд теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлап отыр

«Қазмырыш» компаниясы алдағы 10 жылда стратегиялық даму шеңберінде газдарды тазарту мен шаңды ұстаудың заманауи технологияларын енгізу бойынша жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

Қазмырыш
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Табиғатты қорғау іс-шараларына инвестициялардың жалпы көлемі 108 млрд теңгеден асады. Бұл туралы Үкімет отырысында кәсіпорынның бас директоры Жанат Жанботин мәлімдеді. Өткен жылы компанияда уәкілетті органдарға нақты уақыт режимінде деректерді беруді қамтамасыз ететін шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылды. Тұрақты ESG есептілігін енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.

Цифрландыру саласында металлургия өндірісінде өнеркәсіптік қауіпсіздікке, тау-кен жоспарлауға, модельдеуге және талдауға байланысты бірқатар шешім жүзеге асырылды.

Негізгі жобалардың бірі «OneApp» платформасы — өндірістік үдерістердегі ауытқуларды басқаруға арналған ақпараттық жүйе болды. Сонымен қатар басқаруды арттыру және операциялық тәуекелдерді азайту үшін өндірістік активтерден үлкен деректерді жинау және талдау жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат