USD
USD
USD

«Қазмедиа орталығынан» өрт шықты

Елордадағы «Қазмедиа» орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

«Қазмедиа орталығынан» өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 20:41-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері «Д.Қонаев көшесі, 4» мекенжайында орналасқан ғимаратқа шұғыл шақырту бойынша жеткен.

«Өрт сөндірушілер келгеннен кейін паркингтегі трансформатордың жанып жатқаны анықталды. Адамдар қауіпсіз жерге шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 13 маманы мен 3 техникасы жұмыс істеуде»,- деп атап өтеді министрліктен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, а уа райының қолайсыздығына байланысты қатты желдің салдарынан «Қазмедиа орталығы» ғимаратының электрмен жабдықтау жүйесіне су тиді.

Жағдай анықталуда, шатырдың ішінара зақымдануы мүмкін.

Депода қосалқы станцияның тұтануы нәтижесінде сағат 20:15-те теле және радиоарналардың эфирлері ажыратылды.

Ғимараттың құлақтандыру жүйесі қосылды және барлық персоналды эвакуациялау бойынша шаралар қабылданды. Техникалық қызметтер аварияның салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент