USD
USD
USD

«Қазіргі заңнамадан да репрессивті»

Бейбіт жиын туралы заң жобасын сарапшылар бір сөзбен осылай бағалап отыр. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматы қаласының Қоғамдық кеңесіне келіп, жаңа заң жобасын таныстырған. Оны қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғаушылар, заңгерлер және азаматтық белсенділер талқыға салды.

«Қазіргі заңнамадан да репрессивті»
Фото: NEGE.kz

Жұмсартып айтқанда, министрлік ұсынған жоба қоғамның көңілінен шықпай қалған жайы бар. Тіпті, демократиялық жылымықтың нышаны болады деп күткен заң жобасы сарапшыларды тіксіндіріп тастады.

«1995 жылғы заңмен салыстырғанда, бұл жобаның реттеушілік қыры басым. Шындығына келсек, қазіргі заңнамадан да репрессивті деуге болады. Бұрынғыдан да қиындата түседі. Өз басым мұны алға жасалған қадам деп айта алмас едім», – дейді Nege.kz тілшісіне түсініктеме берген Марат Шибутов.

Биік мінберлерден берілген уәделер мен әзірленген заң жобасының арасында кереғарлық басым. Дәурен Абаев ұсынған заң жобасына қарсылық білдіріп, Қоғамдық кеңес өзі әзірлеген бейбіт жиын туралы заңның балама жобасын ұсынып отыр. Екі жобаның жер мен көктей айырмашылығы бар.

«Заң жобасын мүлде басқаша әзірлеген едік. Біз халықаралық нормаларға сәйкес келетін өз нұсқамызды ұсындық», – дейді  Марат Шибутов.

Десе де, әлі үміт бар. Дәурен Абаев айтылған ұсыныстарды ескеретінін, заң жобасы еліміздің барлық өңірлерінде әлі талқыға түсетінін айтып уәде берген.

Қазір оқып жатыр

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция

Алматыда кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсеткендер ұсталды

Полиция