USD
USD
USD

Казинодан тапқан ақшасын дәретханаға ағызып жіберді

Шымкент тұрғыны пәтер жалдап, жасырын казино ашқан.

Казинодан тапқан ақшасын дәретханаға ағызып жіберді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құқыққорғаушылар пәтерді тінту үшін келгенде әйел ақшасын дәретханаға ағызып жіберген. Шұғыл әрекет ету арнайы отряды және қаржы комитетінің қызметкерлері заңсыз мекемеге кіргенде 300 мың теңгеге жуық ақшасын ұтылған жеті қонақты анықтайды. Өзбекстаннан келген 30 жастағы бизнесвумен бұл ақшаның бәрін кәрізге ағызған.

Екі баланың анасы жалға алған пәтерін кәдімгі казинодан кем етпей: қалың перде, еменнен жасалған үстел және покер ойынана қажет барлық аксессуармен жабдықтаған. Тіпті бейнебақылау камерасын да қойған. Енді әйел 500 мыңға жуық айыппұл төлеуі керек.

«Ұстаған кезде сотталған азаматпен бірге тағы ойнап отырған жеті адам және екі дилер қыз болды. Бәрі істе куәгер ретінде қарастырылды. Әйел дилерлерді 5 мың теңгеге жалдаған. Олар қылмыс бизнес екенін білмегенін айтты. Ал ұстау кезінде табысының бәрін дәретханадан ағызып жіберген. Олар іске өкінгенін айтқаннан кейін кешірілді», –  деді судья Қанат Мылтықбаев.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян