USD
USD
USD

Қазығұртта ауылдарды су басып, мал қырылды

 Қазығұрттың төңірегінде 8 ауылға су жайылып, қазір бірнеше нысан мен 60-қа жуық үй көлкіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазығұртта ауылдарды су басып, мал қырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеше кешкісін Түркістан облысының таулы аудандарында бұршақ аралас жаңбыр жауған. Жауынның қаттылығы сонша екі жүзден аса мал шығыны анықталды. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қақпақ елді мекенінде 200, ал Сарапхана ауылында 25 бас қырылған. Бұдан бөлек, Заңғар елді мекенінде 7, Қарабауда 15, Тұғыртаста біреу, Қызылсеңгірде 12, Шанақ ауылында 20 үйге су кірген.

Бірнеше тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір су басқан аймақта Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың 60-қа жуық қызметкері мен оннан аса арнайы техникасы және 4 мотопомпа аулаларға жиналған суды сыртқа ағызып жатыр. Ауылдық округтің әкімдері әрбір елді мекенді аралап, шығын көлемін анықтауға кірісті. 

Қазір оқып жатыр

Астанадағы фельдшер қазасы: прокурор МИБ басшысының 2 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады

прокурор Саяжан Серікова

Мәслихат депутаттары қайта сайланады: Тоқаев Жарлыққа қол қоятынын айтты

Қазақстан Халық Кеңесі

Тоқаев: Қандай да бір тілге қарсы күресу – Жаратқанға қарсы шығумен тең

Қасым-Жомарт Тоқаев

Алматыда түнде ҚазҰУ кешеніндегі Студенттер сарайының төбесі опырылып түсті

Төбесі опырылып түскен студенттер сарайы