USD
USD
USD

Қазығұрт полиция бөлімі бастығының орынбасары қол астындағы қызметкерлерінен ақша бопсалаған

Түркістан облысында қарамағындағылардан ақша бопсалаған полиция полковнигіне қатысты қызметтік тексеру аяқталды. Қазығұрт аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz

 Қазығұрт полиция бөлімі бастығының орынбасары қол астындағы қызметкерлерінен ақша бопсалаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін полковник Бауыржан Алдабергеновтің қатысы бар видео таралып кеткен еді. Бейнежазбадан қысқа шорты мен майка киген ер адам полиция бөлімшесінің дәлізімен өтіп бара жатқан полицейді шынтағымен екі рет «түйреп жібереді».

Видео авторлары басшы орынбасарының осындай күйде мекемені аралап, қол астындағыларға күш көрсетіп, ақша бопсалайтынын айтқан. Түркістан облысының полиция департаментінің тәртіптік комиссиясының отырысында қызметкердің жауапкершілігі қаралды.

«Комиссия қорытындысы бойынша басшының орынбасары қызметінен босатылды. Қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша кешенді жұмыс жалғасуда», –  деп мәлімдеді полиция бөлімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы "Билік пен өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова