USD
USD
USD

ҚАЖК Жыланбаевтың аштық жариялағанын растады

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түрмедегі белсенді Марат Жыланбаевтың аштық жариялағанын растады. Комитеттің ресми жауабын ҚазТАГ жариялады.

Жыланбаев
Фото: Азаттық радиосы

Алматы, NEGE. "13 қазанда үкімге келіспеуіне байланысты ол түрме әкімшілігіне тамақтан бас тартатыны туралы өтініш берді. Дегенмен сотталушы биологиялық белсенді қоспаны, қантты шәй, құрғақ сүтпен какао ішіп жатыр. Бұл бақылау камераларындағы жазбалармен дәлелденген. Оның денсаулығы қанағаттанарлық деп бағаланды. Медициналық қызметкерлердің үнемі бақылауында. Азаматтық сектордың дәрігерінің медициналық көмегінен бас тартқанына назар аудартамыз" деп жазылған ресми хабарламада.

Осы апта ортасында адвокат Денис Малюга Марат Жыланбаевтың заңсыз қамалуы және құқықтарының бұзылуына орай аштық жариялағанын хабарлаған еді. Ақпаратқа қарағанда, Жоғарғы сотқа кассациялық шағым дайындалып жатыр. Адвокаттың сөзінше, белсенді хат алу және хат жазу мүмкіндігінен сол күйі айырылып отыр. Түрме аумағында дүкен істемейді, белсендіге түрме аумағындағы спорт алаңында жүгіруге рұқсат бермейді.

Шамамен бір апта бұрын Марат Жыланбаевқа мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи кіріп шыққан. Белсендінің денсаулығы туралы сұраған Азаттық тілшісіне депутат "ширақ көрінеді. Көңіл-күйі, түр сипатының бәрі жаман емес" деген. Ал белсендінің адвокаты оның бүйрегі төмен түскенін, тұзы көп екенін айтқан.

Жыланбаев Ақмола облысы Степногорскідегі №4 мекемеде қамауда отыр.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.