USD
USD
USD

Қажымұқанның 150-жылдығына орай челлендж басталды

3 ақпаннан бастап Қажымұқанның 150- жылдығына орай Республикалық бейне-челлендж бастау алды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қажымұқанның 150-жылдығына орай челлендж басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Бейне-челлендждің ұйымдастырылуы мен басы-қасында Қажымұқан атамыз бен Балуан Шолақ атамыздың ізін жалғастырып жүрген, күш сынасу спорты бойынша әлемнің 4 дүркін чемпионы - Сергей Цырульников, Республикалық «Жас Сарбаз» әскери –патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев және «Жас Сарбаз» қозғалысының 10 тәрбиеленушісі қатысты», - делінген баспасөз хабарламасында.

Челлендж қатысушылары барлық эпидемологиялық нормаларды сақтай отырып, ашық ауа астында қалалық «Жерұйық» саябағында, 150 «отжимания» жасап эстафетаны елімідің белді спорт майталмандары мен барлық аймақтардағы «Жас Сарбаз» филиалдарына жолдады.

«Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан халқының мәдени құндылықтарын сақтау және келер ұрпаққа өнегелі тәрбие беру. Қажымұқан Мұңайтпасұлы – Қазақ елінің атын жер тарапқа шырқатқан аңыз адам. Ізін жалғастырушы, дәуірлер жалғасы ретінде біздің басты міндетіміз- жастарға осы дәстүрдің жетуі мен оның құнын жоғалтпауға бағыт беру» - дейді Сергей Цырулников.

Айта кетелік, ақпан айының 3 күні бастау алған бұл жоба Ұлы даланың батыры дүниеге келген уақытқа, яғни сәуір айының 7- не дейін жалғаспақшы. Осы уақыт аралығында батыр есімі ұлықталып, бүгінгі ұрпақ толықтай атсалысары анық.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.