USD
USD
USD

Қажылыққа барушылар Zam Zam Qazaqstan туроператорына алданып қалған - полиция

Қажылыққа барушыларды визамен алдаған турфирма басшысы ұсталды, деп хабарлады polisia.kz.

Қажылыққа барушылар Zam Zam Qazaqstan туроператорына алданып қалған - полиция
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Тергеу нәтижесінде «Zam Zam Qazaqstan» туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкере болған. 

Ол Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайт жасаған. 

22 қарашада сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова

Жаңаөзенде төрт тонна мұнай өнімі тәркіленді

Жаңаөзендегі заңсыз мұнай өнімі

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

qr-төлем жүйесі

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity