USD
USD
USD

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Астана қаласының екі тұрғыны әлеуметтік желіде Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылық сапар ұйымдастыратынын жарнамалап, елден ақша жинап алғанымен, уәдесінде тұрмаған.

Қажылық
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Қалалық прокуратураның хабарлауынша, олардың жарнамасына сенген 37 адам жалпы сомасы 60 млн теңге аударған.

Алайда айыпталушылар қажылыққа деп жинаған қаржыны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

«Сот үкімімен олардың әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арыздары толық қанағаттандырылды», – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Елорда прокурорлары азаматтарды сақ болуға және күмәнді тұлғаларға ақша бермеуге шақырады.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов