USD
USD
USD

Қазгидромет тағы ескерту жариялады

Қазгидромет еліміздің тоғыз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 

Қазгидромет тағы ескерту жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 25 тамызда Қостанай облысының> солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай жарқылдап, шығыстан жел соғады, желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді. Күндіз 37 градус қатты ыстық сақталады. Өңірдің, оңтүстігінде және батысында өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысы>нда>37 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының>солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Күндіз 36 градус ыстық болады. Өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында> өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының> батысында, солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус ыстық сақталады.

Ақмола облысының> шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, ал күндіз облыстың батысында және шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының> солтүстігінде, шығысында, батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал. Облыстың батысында найзағай күтіледі. Ал оңтүстік-батысында өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының> солтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с. Күндіз 35 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстік-батысында өрт шығу қаупі бар.

Атырау облысының> оңтүстік-шығысында найзағай, оңтүстік-батыс, батыстан соғатын жел найзағай кезінде 15-20 м/с күшейеді. Күндіз 36 градус ыстық. Өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев