USD
USD
USD

«Қазгидромет» РМК ескерту жариялады

 «Қазгидромет» РМК 4 сәуірде ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. 

«Қазгидромет» РМК ескерту жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с артады.

Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Таңертең және күндіз Атырау облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде өңірдің оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, өңірдің батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Тәулік бойы 4-5 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.

Сондай-ақ 4-6 сәуір аралығында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік-Қазақстан облыстарында оң мәнді ауа температурасының сақталуы мен одан әрі жоғарылауына байланысты өзен бассейндерінде қардың еруі қарқын алып, еріген қар ағыны қалыптасады, өзендерде мұз еріп, су деңгейі көтеріледі.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер