USD
USD
USD

Қазгидромет: Қыркүйектің 15-іне арналған ауа райы болжамы

  «Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 15-і күнгі ауа райы болжамын жариялады. 

Қазгидромет: Қыркүйектің 15-іне арналған ауа райы болжамы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР басым бөлігінде, антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында жел күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз Ақмола облысының батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, желдің дылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

 Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында 3 градус үсік жүреді. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстік-батыс және батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді