USD
USD
USD

«Қазгидромет» ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 25 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

«Қазгидромет» ескерту жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, орталық пен солтүстікте күші 15-20 м/с артады. Өңірдің орталық бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстік-шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Атырау облысының шығысында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады. Өңірдің шығысында желдің күші 15-20 м/с артады.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының шығысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз шығыста екпіні 15-18 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күшейеді.

25-26 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы таулы аудандарда 25 м/с артады.

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев