15 Сәуір 18:17

Қазгидромет ескерту жариялады

Фото:

«Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Алматы, NEGE. Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді. Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай болжанады.

Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз өңірдің шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с артады. Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, өңірдің орталығында күші 15-20 м/с артады.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с ұлғаяды. Күндіз Қарағанды облысының батысында найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз өңірдің оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде жылдамдығы15-20 м/с құрайды.

Тегтер: